Алматыда жұмбақ жағдайда жоғалған жігіттің мәйіті табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жұмбақ жағдайда жоғалған жігіттің мәйіті табылды

Алматыда жұмбақ жағдайда жоғалған жігіттің мәйіті табылды. 16 қарашада үйінен шығып кеткен Әлихан Ешімовті туыстары табандарынан таусылып, екі апта бойы іздеген болатын. Ал, марқұмның денесі оның көлігі табылған әуежай маңындағы көлден шыққан. Онда да іздеушілер көлдің суын ағызып, азайтқаннан кейін ғана әрең тауыпты, - деп хабарлайды КТК.

24 жастағы жігіт сол күні көлігі бұзылған достарына көмектесу үшін кеткен екен. Түнде анасына хабарласып, кері қайтатынын ескертіпті. Бірақ, содан бері хабар-ошарсыз кеткен. Ертеңіне ол мінген көлік әуежай маңайындағы көлдің жанынан табылады. Ал, көлік ішіндегі жігіттің телефоны, құнды заттары мен құжаттарына ешкім тиіспепті. Кейін Әлиханды іздеуге еріктілер тобы қосылып, тіпті сарбаздар иісшіл иттермен төңіректі шолып шыққан. Қазір табылған мәйітке сараптама жасалып жатыр. Полиция тергеу шараларын бастап кеткен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети