Алматыда жүргізуші Республика алаңындағы бағанаға соғылды

@Tengrinewstv.kz

Алматыда автокөлік жүргізуші Республика алаңындағы шам бағанасына соғылды, - деп хабарлайды Tengrinews TV. Жол-көлік оқиғасы 3 сәуір күні сағат 11.30 шамасында болды.

Nissan Armada маркалы көліктің жүргізушісі Сатбаев көшесімен Фурманов көшесіне қарай келе жатқан. Басқаруға ие бола алмаған ол Республика алаңындағы екі шам бағанасы мен "Алмалы" сауда орталығының қоршауына соғылады. Сауда орталығы төрағасының айтуы бойынша, 50 метр қоршау зақымдалған. Жүргізуші ешқандай зақым алмаған, жол-көлік оқиғасынан басқа ешкім зардап шеккен жоқ.

Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші көлік айдап келе жатып ұйықтап кеткен. Апаттың нақты себебі анықталып жатыр. Қазір оқиға орнында коммуналдық шаруашылық қызметкерлері оқиға салдарынан болған материалдық шығын көлемін анықтап жатыр.

Реклама
Реклама

Еске салайық, осыған дейін қаңтар айында Mercedes автокөлігінің жүргізушісі басқаруға ие бола алмай, бағанаға соғылған болатын.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама