12 қаңтар 2015 12:20

Алматыда жол-көлік оқиғасынан 6 адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©"Территория происшествий" ©"Территория происшествий"

Алматыда жол-көлік оқиғасынан алты адам зардап шекті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.  


Алматыда жол-көлік оқиғасынан алты адам зардап шекті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.  

Жол-көлік оқиғасы 11 қаңтарға қараған түні Достық даңғылының Оспанов көшесіне жақын тұсында болды. Куәгерлердің айтуынша, даңғылмен оңтүстік бағытта қозғалған Mercedes автокөлігінің жүргізушісі басқаруға ие бола алмай, бағанаға соғылды. Көліктегі алты адам ауруханаға жеткізілді. Полицейлер Mercedes жүргізушісінің мас болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. 

Еске сала кетейік, қазан айының соңында Алматыда екі көлік бетпе-бет соқтығысып, салдарынан үш адам зардап шеккен еді. Жол-көлік оқиғасы Розыбакиев көшесінің Өтеповтен жоғары тұсында болды. Солтүстік бағытта келе жатқан Daewoo Nexia көлігі қарама-қарсы бетке шығып кетіп, Mercedes Benz-пен түйісті. Жол жиегінде тұрған Lexus және Toyota Camry машиналарына да зақым келді. Nexia жүргізушісі мен оның екі жолаушысы жарақат алды.  

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети