Алматыда журналист қызға жасалған шабуылдың видеосы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда журналист қызға жасалған шабуылдың видеосы жарияланды Видеодан алынған кадр

Алматыда белгілі журналист Ботагөз Жұмановаға жасалған шабуылдың видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видео Жұманованың Facebook-тегі парақшасында пайда болды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда белгілі журналист Ботагөз Жұмановаға жасалған шабуылдың видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видео Жұманованың Facebook-тегі парақшасында пайда болды.

Оқиға 8 қазан күні кешке болған. Видеодан бір жігіттің журналист қыздың соңынан ілесіп келіп, бірер секундтан кейін оны соққыға жығып, ұрып, тепкінің астына алып, қашып кеткенін көруге болады.  

Полициядағылар Жұмановаға шабуылдың жасалғанын растады. Қалалық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әзірбектің айтуынша, полиция видеоны тексеріп жатыр. Шабуыл жасаған ер адамға іздеу жарияланды. Сонымен қатар, "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кетейік, Жұманованың әлеуметтік желідегі парақшасында оның достарының атынан жазылған жазбаға қарағанда, қызды соққыға жыққан жігіт оның еш нәрсесін алмаған. "Бота қазір ауруханада, оның бассүйегі қатты жарақаттанған, мұрны сынып, жараланған. Ол өз-өзіне келді, бірақ жағдайы әлі ауыр, ішінара есте сақтау қабілетінен айырылған". Жазбада Жұманованың достары бұл оқиғаға қатысты қандай да бір ақпараты бар адамдардан полицияға хабарлауды сұрады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети