Алматыдағы "Алтын диірмен" комбинатында ірі өрт болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы "Алтын диірмен" комбинатында ірі өрт болды ©Тengrinews.kz

Алматыда Сүйінбай даңғылында орналасқан "Алтын диірмен" құрама жем комбинаты аумағында ірі өрт болды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Сүйінбай даңғылында орналасқан "Алтын диірмен" құрама жем комбинаты аумағында ірі өрт болды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Өрт туралы хабар 29 тамыз күні сағат 09:40-10:00 шамасында келіп түскен. Жалын зауыттың жөнделіп жатқан цехын шарпыды. Алғашқыда өртенген аумақтың 250 шаршы метр екені хабарланған еді, бірақ кейін барлығы 520 шаршы метрдің өртенгені нақтыланды. Өрт ғимараттың бірінші қабатынан тұтанған, кейін комбинаттың барлық төрт қабаты да жанып кетті. Қазіргі уақытта тілсіз жау ауыздықталды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар туралы мәлімет жоқ. 

Айта кетейік, "Алтын диірмен" жем комбинаты аумағында осымен екінші рет өрт болып отыр. Осы жылдың маусым айында кәсіпорын қоймаларының шатыры өртенген еді. Өрт 18 маусым күні түс кезінде басталды. Жалын 220 шаршы метрді шарпыды. Зардап шеккендер жоқ. "Алтын диірмен" аумағындағы өртті сөндіруге барлығы 20-ға жуық арнаулы техника жұмылдырылды.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети