Алматыдағы Көкбазар маңында бірнеше дүкен отқа оранды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Көкбазар маңында бірнеше дүкен отқа оранды ©Владимир Прокопенко

Алматыдағы Көкбазар маңында бірнеше дүкен отқа оранды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өрт 13 шілде күні түсте Пушкин мен Мақатаев көшелерінің қиылысында болған. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Көкбазар маңында бірнеше дүкен отқа оранды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өрт 13 шілде күні түсте Пушкин мен Мақатаев көшелерінің қиылысында болған. 

Куәгерлердің айтуына қарағанда, өрт шаштараздан басталып кейін маңында орналасқан дүкен мен кафеге өткен. Шаштаразда жұмыс істейтін қызметкердің айтуынша, олар түтіннің иісін сезіп, далаға жүгіріп шыққан. Оның айтуынша, өрт ақауы бар электросымдардың салдарынан шығуы мүмкін. Өрт басталған кезде дүкен қызметкерлері өрт сөндірушілерді күтпей, өз күштерімен сөндіруге тырысқан. Ал кафе қызметкерлері жарылыстың алдын алу үшін газ баллондарды далаға алып шыққан. 

Оқиға орнына 13.50-де төрт өрт сөндіретін көлік келген. Өрт шамамен 30 минуттың ішінде ауыздықталды. Тілсіз жаудың салдарынан шаштараз, дүкен және дөнер сатылатын кафе толық жанып кеткен. Сондай-ақ өрттен бір кафе азын-аулақ өртенген. Қазірше өрт болған аймақ толығымен анықталмаған. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети