Алматыдағы Сайранда өткен джиптер жарысында пилот қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Сайранда өткен джиптер жарысында пилот қайтыс болды Видеодан алынған кадр

Алматыдағы Сайран көлінде дәстүрлі түрде өтетін джип-фестте аяқасты пилот қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kolesa.kz порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Сайран көлінде дәстүрлі түрде өтетін джип-фестте аяқасты пилот қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kolesa.kz порталына сілтеме жасап.

Сол жерде кезекшілік атқарған дәрігерлер бригадасы көмек көрсете алмады және олар спортшының көз жұмғанын айтты. Жарыстың бірінші күнінің қорытындысы бойынша марапаттауды ұйымдастырушылар өткізген жоқ, екінші күні туралы мәселе де әлі шешілген жоқ. 

Басылымның мәліметінше, республикалық джип-спринтерлердің қатысушысы әрі жүлдегері талдықорғандық Азамат Әбдіғали қайтыс болды. Ол өзінің дайындалған УАЗ автокөлігімен "Спорт" категориясы бойынша жарысқа түсіп, финишқа жете алмаған. Алдын ала мәлімет бойынша, өлімнің себебі - өкпе артерияның тромбоэмболиясы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети