Алматыдағы Сайын көшесінде асфальт опырылып түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Сайын көшесінде асфальт опырылып түсті © "Территория происшествий"

Алматыдағы Сайын көшесінде асфальт опырылып түсті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасының "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Сайын көшесінде асфальт опырылып түсті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасының "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Оқиға 19 қазан күні түнде болған. Апаттық қызмет мәліметтеріне сүйенсек, Сайын мен Торайғыров көшелерінің қиылысында құбыр жарылып, асфальтты бүлдірген. Соның салдарынан диаметрі төрт метрге дейінгі шұңқыр пайда болды. Төтенше жағдай болған жер қоршауға алынып, көліктердің оған түсіп кетуіне жол берілмеді. Оқиға орнында "Холдинг Алматы Су" қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.


© "Территория происшествий"

Еске сала кетейік, биыл маусым айында Алматыдағы Төле би көшесінде асфальт опырылып түсті. Оқиға 15 маусым күні таңертең Төле би мен Әуезов көшелерінің қиылысында болды. Оқиға салдарынан сутартқыштарға зақым келген жоқ. Дегенмен көліктердің қозғалысы қиындады. Төтенше оқиға болған жерге топырақ толы КамАЗ келді, ол 2-2,5 метрлік шұңқырды көмді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети