Алматыдан 226 шақырым қашықтықта жер сілкінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдан 226 шақырым қашықтықта жер сілкінді Фото Tengrinews.kz мұрағатынан алынды

Қырғызстан аумағында 3,8 магнитудалы жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігі Сейс­мологиялық тәжірибе-әдістемелік экпедициясы мемлекеттік мекемесіне сілтеме жасап.  

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан аумағында 3,8 магнитудалы жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігі Сейс­мологиялық тәжірибе-әдістемелік экпедициясы мемлекеттік мекемесіне сілтеме жасап.  

Бұл жер сілкінісі 19 қыркүйек күні Астана уақытымен таңғы сағат 04.52-де тіркелген. Оның ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 226 шақырымда, Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.0, жерасты дүмпуі 10 шақырым тереңдікте болған. Қираған мүлік пен зардап шегушілер туралы ақпарат тіркелген жоқ.

19 қыркүйек күні Астана уақытымен таңғы сағат 05.12-де Қырғызстан аумағында тағы да жер сілкінді. Оның магнитудасы - 4,0-ге тең. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 376 шақырым қашықтықта болған. Оның энергетикалық класы - 8,8. Онда да қираған мүлік пен зардап шегушілер туралы ақпарат тіркелген жоқ.  

Еске сала кетейік, 15 қыркүйек күні Қырғызстан аумағында магнитудасы 5,0 балл болатын жер сілкінісі тіркелді. Оның ошағы Алматыдан 248 шақырым қашықтықта орналасқан. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети