Алматыдан 228 шақырымда жер сілкінді

©some.kz

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 228 шақырым қашықтықта магнитудасы 3,9 болатын жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиция" мекемесіне сілтеме жасап. 

Жер сілкінісі 26 қаңтар күні Астана уақыты бойынша сағат 13.30-да тіркелді. Оның эпицентрі Қырғызстан аумағынан анықталды. Жерасты дүмпулері 10 шақырым тереңдікте болған. Энергетикалық класы - 8,8. Тербеліс Алматы аумағында сезілген жоқ.

Мұның алдында 25 қаңтар күні 22.54-те Алматыдан шығысқа қарай 286 шақырымда - Қазақстан аумағында магнитудасы 4,6-ға тең жер сілкінісі болған. Жерасты дүмпулері 20 шақырым тереңдіктен анықталды. 

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, 22 қаңтар күні Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 185 шақырым қашықтықта - Қырғызстан аумағында магнитудасы 5,4 болатын жер сілкінісі тіркелген еді. Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының мәліметінше, жер сілкінісі Алматы қаласы аумағында МSК-64 шкаласы бойынша 2-3 балл түрінде сезілді. Төтенше жағдайлар қызметкерлері жер сілкінісінен соң ғимараттар мен тұрғын үй қоры құрылыстарын, тіршілікті қамтамасыз ету және өндіріс нысандарының зақымдану қаупін тексерді. "Қазселденқорғау" ММ бөлімшелері мұздақты көлдерді бақылау мен қадағалауды күшейтті. "Барлық нысан штаттық режимде жұмыс істеп тұр", - деп хабарлады мамандар. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама