Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Алматы маңында магнитудасы 5,4-ке тең жер сілкінісі болды

22 Қаңтар 2015, 22:22
0
©fotostroyka.kz
©fotostroyka.kz
©some.kz
©some.kz

Алматыдан 185 шақырым қашықтықта магнитудасы 5,4 болатын жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап. 

Жер сілкінісі 22 қаңтар күні Астана уақыты бойынша сағат 21.52-де болды. Эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 185 шақырымда - Қырғызстан аумағында орналасқан. 10 шақырым тереңдікте болған жерасты дүмпулерінің магнитудасы - 5,4-ке тең, энергетикалық класы - 11,7. 

Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының мәліметінше, жер сілкінісі Алматы қаласы аумағында МSК-64 шкаласы бойынша 2-3 балл түрінде сезілді. 

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, ҚР БҒМ Ғылым комитетінің "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиция" мемлекеттік мекемесінен хабарлама алынғаннан кейін ҚР ІІМ ТЖК Республикалық дағдарыс орталығы мен Алматы қаласы және Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменттері жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдар жоспарына сәйкес шараларды ұйымдастырды.

"Мемлекеттік органдардың тиісті қызметтеріне, жергілікті атқарушы органдар жетекшілеріне, Азаматтық қорғаныс қызметтеріне хабар берілді. Жедел штаб құрылды. Күш-құралдардың дайындығы тексерілді. ТЖД бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың, коммуналдық қызметтердің күшімен ғимараттар мен тұрғын үй қоры құрылыстары, тіршілікті қамтамасыз ету және өндіріс нысандарының зақымдану қаупі тексерілді. Төтенше жағдайлар комитетінің "Қазселденқорғау" ММ бөлімшелері мұздақты көлдерді бақылау мен қадағалауды күшейтті. Барлық нысан штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ", - деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, мұның алдында 21 қаңтар күні Астана уақыты бойынша сағат 15.10-да Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 424 шақырымда магнитудасы 4,8-ге тең жер сілкінісі болған еді. Зілзаланың эпицентрі Қырғызстан аумағында болды. Жерасты дүмпулері 5 шақырым тереңдіктен анықталды. Оның энергетикалық класы - 10,4. Жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер мен үйлердің қирауы жайлы мәлімет болған жоқ.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай