Алматыдан 335 шақырымда жер сілкінді

©Some.kz

Алматыдан 335 шақырым қашықтықта жер сілкінді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиция" мекемесіне сілтеме жасап.

Сейсмикалық станциялар желісі 6 мамыр күні сағат 03.58-де магнитудасы 4,3 болатын жер сілкінісін тіркеген. "Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай 335 шақырымда, Қытай аумағында болған", - делінген хабарламада.

Тербелістің энергетикалық класы - 10-ға тең. Оның ошағы 5 шақырым тереңдікте анықталды. Еске салайық, бір күн бұрын Алматыда 2-3 балдық жер сілкінісі сезілген болатын. Мамандар сілкініс ошағының Алматыдан 288 шақырымда екенін анықтады. Жерасты дүмпулерінің ғимараттарға әсері байқалған жоқ.

Реклама
Реклама

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама