Алматыдан 350 шақырым қашықтықта жер сілкінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдан 350 шақырым қашықтықта жер сілкінді Жер сілкінісінің ошағы көрсетілген карта emsc-csem.org сайтынан алынды

Бүгін Астана уақыты бойынша 19:34 шамасында Алматының солтүстік шығысынан 349 шақырым қашықтықта 4,8 магнитудалы жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмикалық орталығына сілтеме жасай отырып.

Жер асты дүмпуі Қытай аумағында үш шақырым тереңдікте болған. Жер сілкінісінің ошағы Талдықорған қаласының шығысынан 200 шақырым қашықтықта, ал Жаркент қаласының солтүстік шығысынан 85 шақырым қашықтықта орналасқан. Зардап шегушілер туралы ақпарат тіркелген жоқ.

Қазір Қазақстанның ұлттық орталығы деректерді анықтауда.

Еске салайық, 28 мамыр күні Алматыдан 194 шақырым қашықтықта 4,7 магнитадалы жер сілкінісі орын алған болатын.

Айта кету керек, осы жылдың соңында Алматының сейсмикалық картасының бірінші бөлігі дайын болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети