Алматыдан 43 шақырымда жер сілкінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдан 43 шақырымда жер сілкінді Фото REUTERS

Алматыдан 43 шақырым жерден магнитудасы 3,9 болатын жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдан 43 шақырым жерден магнитудасы 3,9 болатын жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.

Жерасты дүмпуі Астана уақыты 14.24 кезінде тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында - Алматының оңтүстік-шығысынан 43 шақырымда орналасқан.

Мұның алдында 27 тамызда жер сілкінді деп хабарланған еді. Ол кездегі жер сілкінісінің эпицентрі Алматының солтүстік-шығысынан 359 шақырымдағы Сарқанд қаласы маңында болған. Жер толқуының тереңдігі 10 шақырымды құрады. Оның сезілгендігі туралы мәліметтер жоқ.

Еске сала кетелік, 25 тамызда Алматы облысында магнитудасы 4,3 және 4,1 болатын тербелістегі екі бірдей жер сілкінісі тіркелген. Сейсмологтардың мәліметі бойынша, магнитудасы 4,3 болатын жер сілкінісі 24 тамызда 23.15-те тіркелген. Жер дүмуінің ошағы жер астынан 25 шақырымнан сезілген. Екіншісі алғашқысынан бір шақырым қашықтықтан орын алған, жер асты дүмпуі Астана уақытымен 23.44-те тіркелген. Жер сілкінісінен зардап шеккендер мен қирандылар туралы ешқандай дерек жоқ.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети