Алматыдан 720 және 397 шақырым қашықтықта екі рет жер сілкінді

© flickr.com

Б?гін, 1 с?уірде Алматыдан 720 ж?не 397 ша?ырым ?ашы?ты?та екі рет жер сілкінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?Р Б?М ?ылым комитетіні? Сейсмологиялы? т?жірибе-?дістемелік экспедициясына сілтеме жасап.

Бүгін, 1 сәуірде Алматыдан 720 және 397 шақырым қашықтықта екі рет жер сілкінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.

Сейсмологтердің мәліметінше, 1 сәуірде таңғы сағат 07.18-де  Алматыдан шығысқа қарай 720 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.1, магнитудасы - 5.0. Зілзала ошағы 5 шақырым тереңдіктен анықталды. Алайда жер сілкінісі сезілмеген.

Шамамен бір сағат өткенде магнитудасы 4,7 болатын екінші жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 08.29-да тіркелді. Эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 397 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында болған. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.9, зілзала ошағы 15 шақырым тереңдіктен анықталды. Алайда бұл жер сілкінісі де сезілген жоқ.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, 26 наурызда Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді. Ол кезде зілзаланың ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 68 шақырымда , Қапшағайдан оңтүстік-шығысқа қарай 24 шақырым жерде болды. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама