Алматыдан 78 шақырымда жер сілкінісі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдан 78 шақырымда жер сілкінісі болды ©Тengrinews.kz

Магнитудасы 4,4 болатын жер сілкінісі Алматыдан 78 шақырымда тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.

Жерасты дүмпулері 17 желтоқсан күні Астана уақыты бойынша сағат 00.28-де болды. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 78 шақырымда, Қырғызстан аумағында анықталды. Тербелістің энергетикалық класы - 10, тереңдігі - 15 шақырым. Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы мәлімет жоқ. Алматыда жерасты дүмпулерінің сезілгені туралы да мәлімет болмады. 

Еске сала кетейік, 11 желтоқсан күні Алматыдан шығысқа қарай 77 шақырымда магнитудасы 4,5 болатын жер сілкінісі тіркелген еді. Тербеліс ошағы 30 шақырым тереңдікте болды. Алматыда жер сілкінісі сезілмеді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 503.05  course down  595.85  course down  6.55  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети