Алматыдан Атырауға ұшып шыққан ұшақ Таразға шұғыл қонды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдан Атырауға ұшып шыққан ұшақ Таразға шұғыл қонды © facebook.com/Денис Кривошеев

Алматыдан Атырауға ұшып шыққан "Бек Эйр" ұшағы Таразға шұғыл қонды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдан Атырауға ұшып шыққан "Бек Эйр" ұшағы Таразға шұғыл қонды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әуе оқиғасы бүгін, 20 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 07:20-да болды. Bek Air әуекомпаниясының бас директоры Сырым Омаржанов 2105 рейсіндегі Алматыдан Атырауға шыққан ұшақ салонында қысым көтерудің жоғалып кеткенін хабарлады. Оның айтуынша, алдын ала болжам бойынша, ұшақтың Таразға қонуына саңылаудың пайда болуы себеп. 

"20 ақпанда 07:20-да Тараздағы "Әулие-ата" әуежайына Bek Air әуекомпаниясының Fokker-100 ұшағы шұғыл түрде қонды", - деді дереккөз.  


Видео: facebook.com/Денис Кривошеев

Әуекомпания бас директорының мәліметінше, ұшақта 100-ден аса жолаушы болған, оның ішінде екеуі - бала. Омаржанов жолаушылардың Атырауға ұшып кеткенін айтты.

Ол осы оқиғаны мамандардың тексеретінін айтты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети