ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары Алматы әуежайы маңында болған өртке қатысты нақты мәліметтерді жария етті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ведомствоның сайтына сілтеме жасап.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары Алматы әуежайы маңында болған өртке қатысты нақты мәліметтерді жария етті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ведомствоның сайтына сілтеме жасап.
Мамандардың мәліметінше, 03.05.2014 күні сағат 15.53-те Алматының Түрксіб ауданы аумағындағы Әлмерек елді мекенінде "Қонаев" өндірістік кооперативінде өрт шыққан. "Юг Сэль Туркуаз" ЖШС-нің ашық аумағындағы құрылыс жабдықтары өртенді. "Өрт 16.23-те ауыздықталып, 19.37-де залалсыздандырылды. Жалынды сөндіруге Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 45 адам мен 13 техника жұмылды", - делінген министрліктің хабарламасында.
Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жау барлығы 800 шаршы метрді шарпыған. Еске салайық, бұған дейін куәгерлер Алматы әуежайы маңында өрт болғанын хабарлаған еді. СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісінің мәліметінше, қоймалардағы залалсыздандыруға жіберілетін тауарлар жанған.