08 шілде 2014 | 12:37

Алматы әуежайына бомба қойылғаны өтірік болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы халықаралық әуежайы. ©Ярослав Радловский Алматы халықаралық әуежайы. ©Ярослав Радловский

8 шілде күні сағат 10.53-те Алматы әуежайына жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат келіп түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы құтқару қызметіне сілтеме жасап. Ақпарат жалған болып шықты, шұғыл қызметтер жарылғыш затты таппады.


Иконка комментария блок соц сети

8 шілде күні сағат 10.53-те Алматы әуежайына жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат келіп түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы құтқару қызметіне сілтеме жасап. Ақпарат жалған болып шықты, шұғыл қызметтер жарылғыш затты таппады.

СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасы тілшісінің мәліметінше, хабар түсісімен әуежайдағы адамдар қауіпсіз жерге көшірілген. Алдын ала мәлімет бойынша 2000-ға жуық адам эвакуацияланған. Әуежайға жарылғыш зат қойылғаны туралы хабардың түскенін желілік ішкі істер бөлімінің мамандары растады. Осы оқиғаның салдарынан бірнеше рейс кестесінен кешігіп жатыр. 

Еске сала кетейік, 2013 жылдың наурыз айында 13 жастағы бала тиісті орындарға қоңырау шалып, Алматы әуежайына жарылғыш құрылғы орнатылғанын хабарлаған болатын. Ақпарат жалған болып шықты. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында тұратын жасөспірім бірнеше күннен соң қолға түсті. Жалған хабардың кесірінен 1000-нан астам адам әуежайдан қауіпсіз жерге шығарылған еді. Баланың әрекеті үшін оның ата-анасы сот алдында жауап берді. Былтыр осы оқиғадан бір ай бұрын Алматы әуежайында тағы бір әбігер болды. Ғимаратқа жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпаратты Семей түрмелерінің бірінде жаза өтеп жатқан екі адам хабарлаған. Жарылғыш зат болмай шықты. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети