05 желтоқсан 2014 15:58

Алматы әуежайынан адамдар эвакуацияланып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқиға орны. ©Светлана Мищенко Оқиға орны. ©Светлана Мищенко

Күдікті зат туралы хабарламаға байланысты Алматы әуежайынан адамдар эвакуацияланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Күдікті зат туралы хабарламаға байланысты Алматы әуежайынан адамдар эвакуацияланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алматы халықаралық әуежайының басшылығы бұл ақпаратты растады. Рейстердің бәрі мейлінше кеш мезгілге ауыстырылды, алдын ала мәлімет бойынша, ұшулар кем дегенде 1,5 сағатқа кешіктірілуі мүмкін. 

Астана уақыты бойынша сағат 15.30-дағы мәлімет бойынша, белгісіз біреудің әуежай ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлағаны анықталды. Оқиға орнында саперлер, құтқарушылар мен полицейлер жұмыс істеп жатыр. Барлық шұғыл әрекет ету қызметтері аяғынан тік тұрды. Әуежай өкілдерінің хабарлауынша, әзірше оқиға туралы толық мәлімет жоқ, оның жай-жапсары анықталып жатыр. 

Tengrinews.kz оқиғаны бақылауына алды. Мұндай жағдай бұған дейін де болған еді. Ол кезде белгісіз біреу ғимаратқа мина қойылғанын айтқан, әуежайдан 1500 адам эвакуацияланды. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети