Ресей азаматы полицейді балағаттап, аяғымен бетінен ұрып жібергені үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл оқиға Астана халықаралық әуежайындағы халықаралық ұшулар залында болған.
Ресей азаматы полицейді балағаттап, аяғымен бетінен ұрып жібергені үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл оқиға Астана халықаралық әуежайындағы халықаралық ұшулар залында болған.
Алматының Түрксіб аудандық сотының мәліметінше, ресейлік азамат шілде айының ортасында Алматыдан Мәскеуге ұшпақшы болған. Шекара, кеден және ұшу алдындағы тексерістерден өткен соң ол залда алкоголь ішкен.
Осыған байланысты әуекомпанияның қызметкерлері жолаушыны рейстен шығару туралы шешім қабылдаған. Мас ер адамды жауапкершілікке тарту мақсатында ұшаққа мінетін жерге полицейлер шақырылған.
Желілік ІІБ қызметкерлері ресейліктен кезекші бөлімге өтуін сұраған, алайда ол полицейлердің талабын орындаудан бас тартып, балағат сөздер айта бастаған. Содан полицейлер оны мәжбүрлі түрде бөлімшеге жеткізбекші болған. Сол сәтте ер адам аяғымен полицейдің бетінен ұрып жіберген. Медициналық анықтамаға қарағанда, полицейдің мұрны сынған.
Соттың мәліметінше, ер адам қатты мас күйде болған. Ол қамауға алынды. Ресейлік ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша айыпталды: 378- бап ("Билік өкiлiн қорлау") пен 380-бап. ("Билік өкiлiне қатысты күш қолдану"). Сотта ер адам өз кінәсін мойындап, істеген әрекетіне өкінді.
"Ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабының 1-бөлігі, 380-баптың 1-бөлігі бойынша айыпты деп танып, оған 500 айлық есептік көрсеткіш (1 миллион 134 мың 500) ретінде айыппұл салынсын. Қамауға алу туралы бұлтартпау шарасы өзгертіліп, залдан босатылсын", - делінген Түрксіб аудандық соты шығарған үкімде.