24 наурыз 2017 11:51

Алматы ауруханасында бүйрек доноры қайтыс болған: Тергеу жүріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы ауруханасында бүйрек доноры қайтыс болған. Осы дерек бойынша жергілікті ішкі істер департаменті соталды тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы ауруханасында бүйрек доноры қайтыс болған. Осы дерек бойынша жергілікті ішкі істер департаменті соталды тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҰҚКД-дан Алматы қалалық Тергеу басқармасының тергеушілерінің өндірісіне бүйрек донорының өлімі туралы іс 4 ақпанда түсті. Қазіргі уақытта іс бойынша барлық қажетті процессуалдық шаралар жүргізіліп жатыр. Комиссиялық сот сараптамасы тағайындалды", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Оның айтуынша, соталды тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 116-бабының 3-бөлігі бойынша ("Адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою") жүргізіліп жатыр. 

"Әзірше ешкім ұсталған жоқ. Істің мән-жайы анықталып жатыр", - деді Әзірбек. Айта кетейік, осы баптың жазасы - мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыру.

Бүйрек донорының Алматыда 19 қаңтарда қайтыс болғаны белгілі. Ағза ауыстыру бойынша операция 7 желтоқсанда №7 қалалық ауруханасында болған. Осыған дейін ҚР денсаулық сақтау министрі "өлімнің асқынудан" болғанын хабарлаған еді. Себебі, айтуынша, күрделі операция болған, қан кеткен және қайталай операция жүргізілген, алайда дәрігерлер оның өмірін аман алып қала алмаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети