Алматыдағы балабақшада болған төтенше оқиғада зардап шеккен тағы бір бала жан сақтау бөлімінен шығарылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Лейла Кеңесбаева хабарлады. Балабақша Таугүл-1 ықшамауданында Сүлейменов көшесінің бойынша орналасқан.
Алматыдағы балабақшада болған төтенше оқиғада зардап шеккен тағы бір бала жан сақтау бөлімінен шығарылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Лейла Кеңесбаева хабарлады. Балабақша Таугүл-1 ықшамауданында Сүлейменов көшесінің бойынша орналасқан.
Оның айтуынша, балалардың жағдайы айтарлықтай түзелді. "Бүгін таңда жан сақтау бөлімінде жатқан бір қыз бөлімшеге ауыстырылды. Жағдайы жақсарып жатыр. Балабақшада зардап шеккен барлық баланың жағдайы жақсы, дәрігерлер қарауында. Олар ауруханада ата-аналарымен бірге жатыр. Дүйсенбі күні дәрігерлердің консилиумы өтеді, онда жағдайы жақсарған балаларды ауруханадан шығару туралы мәселе шешіледі. Қазіргі уақытта балалардың өміріне қауіп жоқ", - деді Кеңесбаева.
Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 20 мамырда сағат шамамен 12.00-де болды. Жүргізуші әйел, куәгерлердің айтуынша, артқа қарай жоғары жылдамдықпен жүріп келе жатып, балабақша қоршауына соғылған. Көлік, тәрбиешілердің айтуынша, 26 бала ойнап отырған балалар алаңына барып түскен. Бір бүлдіршін қаза тауып, тағы сегізі жарақат алып, Алматы қалалық №1 балалар ауруханасына жеткізілді. Кейін тағы бір баланың ауруханаға жеткізілгені белгілі болды.
Балалар алаңына соғылған жүргізушінің кім екені анықталды. Ол - 46 жастағы әйел. Тергеу жүріп жатыр, әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бүгін, 22 мамырда оны қамауға алу туралы санкция шығарылады. Айта кетейік, тараптардың ымыраға келуіне 2014 жылдың мамыр айынан бастап тыйым салынған, сондықтан жүргізуші әйел 5 жылға дейін сотталуы мүмкін. Балабақша қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, алайда қауіпсіздікті сақтаудың қатаң шаралары қолға алынған - балабақшаға кіретін есік құлыптаулы. Балаларын әкелген ата-аналарға есік қағылғаннан кейін ғана ашылады.