Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Алматы балабақшасындағы төтенше жағдайдан зардап шеккен ұл бала жан сақтау бөлімінен шықты

21 Мамыр 2015, 15:21
0
© Роза Есенқұлова
© Роза Есенқұлова

Алматы балабақшасында болған төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен ұл бала жан сақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Лейла Кеңесбаева хабарлады.

"Зардап шеккен балалардың бірі жағдайының жақсаруына байланысты жан сақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Қыз бала жан сақтау бөлімінде қалды. Оның халі - орташа ауыр. Қалған балалар да дәрігерлер бақылауында, ауруханада жатыр", - деді ол.

Бұған дейін Алматы балабақшасында болған төтенше жағдайдан 10 баланың зардап шеккені хабарланған болатын, олардың барлығы №1 балалар ауруханасында. ТЖ салдарынан Кәусар есімді бес жасар қыз қаза тауып, бүгін, 21 мамырда жерленді.

Еске сала кетейік, жол-көлік оқиғасы 20 мамырда сағат шамамен 12.00-де болды. Жүргізуші әйел, куәгерлердің айтуынша, артқа қарай жоғары жылдамдықпен жүріп келе жатып, балабақша қоршауына соғылған. Көлік, тәрбиешілердің айтуынша, 26 бала ойнап отырған балалар алаңына барып түскен. Балалар алаңына соғылған жүргізушінің кім екені анықталды. Ол - 46 жастағы әйел, полиция оның аты-жөнін айтпай отыр.

Тергеу жүріп жатыр, әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тараптардың ымыраға келуіне 2014 жылдың мамыр айынан бастап тыйым салынған, сондықтан жүргізуші әйел 5 жылға дейін сотталуы мүмкін. Алматылықтар қыз бала қайтыс болған балабақшаға гүл апарып жатыр.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай