Алматы барахолкасында өрт шықты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Барахолка базарынан тағы да өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖД мәліметін сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Барахолка базарынан тағы да өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖД мәліметін сілтеме жасап.

Тұрғындар Алматы барахолкасынан қою түтін шығып жатқанын хабарлаған.

Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, 21 қыркүйекте сағат 12:14-те Алатау ауданы Солтүстік айналма жол 34 мекенжайындағы Қазына базарына күштер мен құралдар жіберілген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Интернет-СМИ (@kris.p.almaty.official)

Оқиға орнына жеткенде 6 минуттан кейін (12.20), жалпы 120 шаршы метр аумақта бірнеше екі қабатты контейнер өртенгені анықталған және өрттің көрші контейнерлерге таралу қаупі туындаған.

Сурет: ТЖД баспасөз қызметінен

Барлау кезінде бірінші бөлімше бұл аймақта су аз екенін хабарлады. Сондықтан өртке қарсы цистерналар сумен қамтамасыз етті. Жедел штаб пен екі жауынгерлік аймақ құрылды. 40-тан аса адам мен 14 техника жұмылдырылды. Жолды ДП күштері қоршауға алды. Қабылданған шаралар арқылы өрт 18 минутта, түнгі сағат 12:38-де оқшауланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 509.71  course up  594.03  course up  6.49  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети