25 қыркүйек 2015 13:00

Алматы барахолкасындағы базарды жабу кезінде күтпеген жерден шу шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Николай Колесников © Николай Колесников

Алматыда барахолкадағы базарлардың бірі жабылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сот орындаушыларының әрекеттеріне қасқағым сәтте жұмыссыз қалған сатушылар наразы болды.


Алматыда барахолкадағы базарлардың бірі жабылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сот орындаушыларының әрекеттеріне қасқағым сәтте жұмыссыз қалған сатушылар наразы болды.

Бүгін, 25 қыркүйекте "Алатау" базарындағы "алтын" деп аталып кеткен павильон жұмысын тоқтатты. Жұмыстарына келген саудагерлердің алтындарын шабаданға салып, кері қайтудан басқа амалдары қалмады. Сот орындаушылары кіреберіске жіп тартып, мөр басқан, себебі олар кеше темір есікті алып тастап үлгеріпті.

Қалалық департаменттің сот орындаушысы Рақым Орымбаевтың айтуынша, ТЖД тексеру жүргізіп, өрт қауіпсіздігінің 53 талап бұзушылығын анықтаған - базарда өрт кезінде сигнал беретін құрылғы да, өртті сөндіретін жабдық та жоқ, сонымен қатар, базардың кіреберісінен өрт сөндіретін көлік өте алмайды. Мұның барлығы соттың қарауы кезінде анықталыпты. "Біз соттың шешімін орындаймыз, ол тамыз айында шыққан болатын, - деді Орымбаев. - Базардың басшылығына бұл олқылықтарды жою үшін уақыт берілді, бірақ ол орындаған жоқ. Енді павильон екі айға жабылады, егер талап бұзушылық жойылмаса, базар басшылығына әкімшілік жаза қолданылады", - деді ол.


Саудагерлер тауарларын жылдам жинап, алтындарын шабаданмен әкетті.


Бұл әңгімеге Кәсіпкерлер одағының қорғаушысы әрі президенті Василий Резван араласты. Оның мәлімдеуінше, ғимарат оңай тұтанатын алюкобондтан тұрғызылған. Ол кәсіпкерлер мен сатып алушыларды қорғағысы келетінін айтты. Алайда оның сөзін "Достар Сауда" ЖШС директорының орынбасары бөліп, бір келеңсіздіктің болғанын және оның қолында құжаттардың бар екенін, талап бұзушылық сот орындаушылары айтқандай 53 емес, 27 екенін айтып, Резванды біреудің тапсырысын орындаушы, азғырушы деп атады. Алайда Резван ақталып, ешқандай пайданы көздемейтінін жеткізді. Қысқасын айтқанда, сол жерде Резванға қатысты бірнеше адамның аты-жөні аталып, арты дауға ұласты.

Құқыққорғаушы Василий Резван. 

Резван мен базар басшысының қолындағы құжаттар сәйкес келмейді.

"Достар Сауда" ЖШС директорының орынбасары Александр Ким.

Брифингтен кейін базардың басшысы журналистерді аралатып, өрт кезінде сигнал беретін және өртті сөндіруге арналған құралдарды көрсетті. Оның айтуынша, апелляциялық инстанцияда олар жеңіліп қалған, енді ол кассациялық шағым бойынша қаралады.


Саудагерлер базар жабылғаннан кейін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети