Алматы - Бішкек тасжолының 62-ші шақырымында болған жол апатынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы - Бішкек тасжолының 62-ші шақырымында болған жол апатынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жол апаты 4 желтоқсанда шамамен таңғы сағат 8-де Ұзынағаш ауылының маңында болған.
"Ұзынағаш ауылының ауруханасына түрлі жарақатпен 10 адам жеткізілді, олардың біреуі кәмелетке толмаған. Оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметіндегілер.
Ведомство мәліметінше, автобуста отырған 43 адам Шымкенттен Алматыға қарай бара жатқан.
Алдын ала мәлімет бойынша, автобустың 41 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, аударылып кеткен.
"Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық тергеу басталды", - деп хабарлады облыстық полициядағылар.