Алматы-Бішкек тасжолында екі адам көлікте жанып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы-Бішкек тасжолында екі адам көлікте жанып кетті Видеодан алынған кадр

Куәгерлер Алматы-Бішкек тасжолында өртеніп жатқан көлікті видеоға түсіріп алды. Көліктің жол-көлік оқиғасы салдарынан өртенгені айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгерлер Алматы-Бішкек тасжолында өртеніп жатқан көлікті видеоға түсіріп алды. Көліктің жол-көлік оқиғасы салдарынан өртенгені айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы - Бішкек тасжолында екі көлік бетпе-бет соғысты. Жол апаты салдарынан бір көлік толықтай өртеніп кетті. Зардап шеккендер жайлы айтылмады", - делінген Instagram желісіндегі kris_p_almaty паблигінде.

Куәгерлердің айтуынша, жол апаты 26 ақпанда таңғы сағат 8-де Жамбыл облысы Отар ауылының маңында болған. Екі көлік соқтығысып қалған. Сондай-ақ, куәгерлер төтенше жағдайдан екі адамның қаза тапқанын айтады. Айтуларынша, өртенген көліктің ішіндегі адамдар қаза болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети