Алматы-Бішкек тасжолында жүк көлігі өртеніп, күлге айналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Алматы-Бішкек тасжолында жүк көлігі өртеніп, күлге айналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жүк көлігінің өртеніп жатқан кезі түсірілген видео Instagram желісіндегі Kris_p_almaty паблигінде пайда болды.
Оқиғаны ТЖ жөніндегі комитеттің мамандары растады. Қазақстанның ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі Комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың мәлімдеуінше, 30 желтоқсан күні сағат 06.53-те "Алматы-Бішкек" автожолының 146-шақырымында Volvo маркалы жүк көлігінде және күнделікті қолданысқа қажетті тауарлар (заттар) тиелген тіркемесінде от тұтанған.
Өрт сағат 08.35-те ауыздықталды.
Иманқұловтың айтуынша, оқиға болған жерге ең жақын Ақтерек ауылымен арада 50 шақырым қашықтық болды, өрт сөндіру бөлімшесі мен өрт болған жердің ара қашықтығы - 150 шақырым. Тілсіз жауды ауыздықтауға Алматы және Жамбыл облыстарының өртсөндірушілері қатысты.