04 қараша 2020 17:25

Алматы-Бішкек тасжолында ірі жол апаты болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматы-Бішкек тасжолында бес көлік соқтығысып қалды. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы-Бішкек тасжолында бес көлік соқтығысып қалды. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол апатының видеосы әлеуметтік желілерде тарады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Сегодня в город не доехали 4 машины, трасса Алматы-Бишкек...

Публикация от @kris_p_almaty +21 | kz 🇰🇿 (@kris_p_almaty)

Полиция мәліметінше, жол апаты 3 қарашада таңғы сағат жетіде болған. Зардап шеккендер жоқ.

"Алматы-Бішкек автожолының 32-шақырымында бес көлік соқтығысып қалды: олардың екеуі Daewoo Nexia, Nissan, BMW және Mercedes. Алматы облысының 29 жастағы тұрғыны Daewoo Nexia жолаушысы жарақат алып, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаториялық ем алуға жіберілді.

Алдын ала болжам бойынша, жол апатының себебі жылдамдық режимін бұзу және қашықты сақтамау. Жол апатына ұшырағандардың ішінде 48, 40, 29 жастағы өзбекстандықтар, Жамбыл облысының 32 жастағы тұрғыны және Алматы облысының 33 жастағы тұрғыны бар. Жол апаты тіркелді. Барлық мән-жай анықталғаннан кейін тәртіп бұзушыларға заңнамаға сәйкес әкімшілік жаза қолданылады", - деді полициядағылар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети