23 қараша 2015 13:13

Алматы ІІД автобусты ерсі жүргізген адам жайлы видеоны тексеріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Youtube © Youtube

Алматыда автобустың тым жылдам жүргені бейнеленген видео Интернетте жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда автобустың тым жылдам жүргені бейнеленген видео Интернетте жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға туралы 22 қараша күні Павел Плотицын Facebook-тегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, оқиға "Шымбұлақ" тау шаңғы шипажайына бара жатқан жолда болған. Видеодан автобустың автомобильге жақындап, кейін оны басып озып, қарама-қарсы бағытқа шығып кеткенін көруге болады. Автобус алдында келе жатқан тағы бір автомобильді қуып жетті.

"(...) Қоғамдық көліктерге мінудің қауіпті екеніне тағы бір рет көзім жетті. Жол бойы автобус (мемлекеттік номері - 711, борт номері - 754) жолаушыларын өлтіруге тырысты. Жіңішке таулы жолда бірнеше рет қарсы бағытқа шығып кету, жылдамдықты асыру", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Tengrinews.kz осы оқиға бойынша Алматы ІІД-ге хабарласты. Ведомство видеоны әкімшілік полиция басқармасы қызметкрелері тексеріп жатқанын хабарлады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети