Алматыда астан уланғандар денсаулыққа зиян келтіргені үшін "Дөнер-Анкара" дәмханасынан 7 миллион теңге көлемінде өтемақы талап етіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, 25 тамызда ақпарат құралдарында Алматы дәмханаларының бірінен 60 адамның уланғаны туралы мәлімет пайда болған еді. "Алматы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті астан уланғандарға "Дөнер - Анкара" дәмханасынан моральдық және материалдық шығын өндіріп беру жөнінде сотқа дейінгі шағымды дайындау жұмыстарымен айналысып жатыр. Қазірге дейін талап ету сомасы 7 миллион теңге болатын 30 шағым дайын болды", - деді Департамент өкілдері.