Алматыда жолдардың бірінде полицейлер мен жүргізушілердің арасында болған жанжалды куәгерлердің бірі ұялы телефон камерасына түсіріп алды. YouTube желісінде пайда болған ролик қолданушылардың қызу пікірталасына себеп болды.
Алматыда жолдардың бірінде полицейлер мен жүргізушілердің арасында болған жанжалды куәгерлердің бірі ұялы телефон камерасына түсіріп алды. YouTube желісінде пайда болған ролик қолданушылардың қызу пікірталасына себеп болды.
Видеодан жол полициясы қызметкерлерінің жүк көліктерін тоқтатып, құжаттарын алып қойғаны, кейін хаттама толтырып жатқаны белгілі болады. Алайда жүргізушілер мен тәртіп сақшылары ереже бұзуға қатысты дауласа кетеді. Жүргізушілердің бірі оларды "заң өкіліне бағынбағаны" үшін тоқтатқаны үшін таңғалғанын білдіреді, бірақ оның айтуынша, жүк көлік иелері ешқайда да қашып кетпекші болмаған.
"Мен Алматыдамын, қайда қашыппын? Төрт бірдей жүк көлігі болып келе жатырмыз, бізді адам шығарып салып келеді, бәріміз саумыз. Қайда қашыппыз? Үй бетін көрмегеніме 35 күн болды, отбасымды асырауым керек. 40 мың теңге айыппұл не үшін салынды?", - деп ашуланады ер адам.
Ал тәртіп сақшысының "Бұл сендерге Шымкент емес" деген сөзінен кейін жүргізуші ашулана түседі. Ер адам Шымкенттің абыройына қатысты сөз сөйлейді: "Шымкент несімен жаман? Бұл не, орман ба? Шымкентте бір жарым миллион адам тұрады, Қазақстандағы үшінші қала болып саналады. Онда қандай адамдар тұрады десеңші, онда керемет адамдар тұрады".
Ескерту, бейпіл сөздер бар!
Қолданушылардың бірі ролик авторынан жүргізушіні тауып беруді сұрады. "Ақша жинап, айыппұлын төлеп бергіміз келіп еді... Өзіміздің керемет қаламызды қайда жүрсе де қорғайтын адамға қолдау білдірейік", - деп жазды Алмас Нұрланов. Оны басқа қолданушылар да қолдады.