Алматы-Қаскелең тасжолында 40 жастағы полицей жол апаты салдарынан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы-Қаскелең тасжолында 40 жастағы полицей жол апаты салдарынан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға бүгін Алматы-Қаскелең тасжолының 22 шақырымында болған.
Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. "Оқиға орнында Қарасай ауданының АІІБ-нің 40 жастағы майоры қайтыс болды. Жол шетінде тұрған ВАЗ 21214 маркалы қызметтік көлікке Suzuki соқтығысқан. Алдын ала болжам бойынша 24 жастағы жүргізуші көлікті игере алмай қалған", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.
Полицейлердің мәліметі бойынша, ЖКО кезінде қызметтік көлік салонында 48 жастағы әйел болған, ол түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.