Алматы-Қонаев тасжолында ірі жол апаты болып, бірнеше адам зардап шекті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы-Қонаев тасжолында ірі жол апаты болып, бірнеше адам зардап шекті видео кадры

Алматы – Қонаев тасжолында ірі жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға салдарынан бірнеше адам зардап шекті.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы – Қонаев тасжолында ірі жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға салдарынан бірнеше адам зардап шекті.

Жол апаты болған жерден түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланды. Кадрлардан қатты зақымданған көліктерді көруге болады.

Алматы облыстық Полиция департаменті мәліметінше, үш автокөлік соқтығысқан жол апаты 5 маусымда сағат 22:50-де Алматы – Өскемен тасжолының 47-шақырымында болған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry маркалы көліктің жүргізушісі алда келе жатқан дәл сондай маркалы көлікпен соқтығысқан. Соқтығыстан кейін екі көлік те тізгінге ие бола алмай, жолдың қоршауына соғылған, кейін Toyota Land Cruiser автокөлігімен соқтығысқан", – деп хабарлады полиция.

Жол апаты салдарынан бірнеше адам түрлі дене жарақатын алған, олардың қатарында жол талғамайтын көліктің жүргізушісі мен екі кәмелетке толмаған жолаушы бар.

"Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін барлық адам үйлеріне жіберілді", – деді ведомство.

Қазіргі уақытта жол апатына байланысты тексеру жүргізіліп, барлық мән-жай анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети