Алматы - Қорғас тасжолының 36-шы шақырымында Audi мен Merсedes Sprinter бетпе-бет соғысты, - деп хабарлайды patrul.kz.
Алматы - Қорғас тасжолының 36-шы шақырымында Audi мен Merсedes Sprinter бетпе-бет соғысты, - деп хабарлайды patrul.kz.
"Күшті соққыдан жеңіл көлік шашылып кеткен, ал оның жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды. Үш жігіт 22 жаста болған", - деп жазады басылым.
Басылымның мәліметінше, микроавтобустың жүргізушісі мен жолаушылары (10 адам) түрлі жарақат алған. Олар Есік қаласындағы ауруханаға жеткізілді.