Алматы-Қорғас тасжолында жолаушылар отырған көлік жол апатына ұшырап, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" ҰҚ АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы-Қорғас тасжолында жолаушылар отырған көлік жол апатына ұшырап, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" ҰҚ АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға бүгін таңғы сағат 4-те Алматы-Қорғас жолының 94 шақырымында болған. Жолаушылар отырған автокөлік батысқа қарай (Батыс Еуропа-Батыс Қытай) бағыт алған. BMW-528 маркасындағы автокөлікті 22 жастағы жүргізуші басқарған.
"Қатты жылдамдықпен қозғалған автокөліктің жүргізушісі қараңғыда жол бойына шыққан атты байқамады. Өкінішке қарай, автокөлікте болған 1950 жылдың тумасы Есік қаласының орталық ауруханасында көз жұмды. Екі бағыттағы жол қозғалысын метал қоршаулар бөліп тұрады. "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ қызметкерлері жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп, жол-көлік оқиғасының себепшісі болған үй жануарының иесін іздестіріп жатыр", - делінген хабарламада.