15 мамыр 2017 | 08:36

Алматы маңында 18 жастағы бойжеткен жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зере Машарипова. Суреттер қыздің әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды. Зере Машарипова. Суреттер қыздің әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.

Алматы түбіндегі Райымбек ауылында 18 жастағы Зере Машарипова 17 сәуірде үйінен тіс дәрігеріне кетіп, оралмаған. Содан бері бір ай бойы ол туралы хабар болмаған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қыздың анасы Гүлайша Сердалиева хабарлады. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматы түбіндегі Райымбек ауылында 18 жастағы Зере Машарипова 17 сәуірде үйінен тіс дәрігеріне кетіп, оралмаған. Содан бері бір ай бойы ол туралы хабар болмаған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қыздың анасы Гүлайша Сердалиева хабарлады. 

"Тіс дәрігеріне қызым таңғы уақытта баратын, оның тісін жұлған, түстен кейін тағы да келуін сұраған. Түсте ол сол жаққа кетіп, содан оралмады. Стоматолог таңғы уақытта келгенін, бірақ түстен кейін көрінбегенін айтты. Зеренің телефоны сөндірулі. Полицияға хабарластық, нәтиже жоқ", - дейді әйел.  

"Біз білетін құрбыларының бәрінен сұрадық, бармаған жеріміз жоқ, ешкім ештеңе білмейді. Тіпті балгерлерге де бардық. "Битва экстрасенсов" шоуына қатысқан балгерлердің бірі қызымды біреулердің Бішкекке алып кеткенін айтты", - дейді жоғалған қыздың шешесі. 

Жоғалған күні қыздың үстінде джинс пенжегі, көк кофтасы, көк шалбары болған. Белгілері - қоңыр бұйра шашты, орта бойлы, толықтау келген. Шешесінің айтуынша, Зере Алматыдағы Шаляпин-Алтынсарин көшелерінің қиылысындағы балалар аттракциондарында оператор болып жұмыс істеген. Қандай да бір ақпарат білетіндерден +7 747 763 93 06 нөміріне хабарласу сұралады. 


Зере Машарипова. Суреттер қыздің әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети