11 қаңтар 2015 10:05

Алматы маңында бір тәулікте бірнеше рет жер сілкінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жер сілкінісінің эпицентрі Қордай ауылынан 7 шақырым жерде болды. ©emsc-csme.org Жер сілкінісінің эпицентрі Қордай ауылынан 7 шақырым жерде болды. ©emsc-csme.org

Алматы маңында бір тәулікте бірнеше рет жер сілкінді. 11 қаңтар күні жергілікті уақыт 03.56-да Алматыдан 248 шақырымда жер сілкінісі тіркелді, бұл - бір тәулікте болған үшінші тербеліс, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.

"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 248 шақырымда, Қырғызстан аумағында анықталды", - делінген мекеменің сайтында. Оның магнитудасы 3,9 болды, энергетикалық класы - 8,8. 

Мұның алдында сенбі, 10 қаңтар күні Алматы уақыты бойынша сағат 20.30-да қаладан оңтүстік-батысқа қарай 174 шақырымда жер сілкінісі болды. 

Жер сілкінісінің эпицентрі Қордай ауылынан (Жамбыл облысы) 7 шақырым және Бішкектен 29 шақырым жерде анықталды. Жерасты дүмпулері 10 шақырым тереңдікте болды. "Тербелістің энергетикалық класы - 8,6. Магнитудасы 3,9-ға тең жер сілкінісінің сезілгені туралы мәлімет жоқ", - делінген хабарламада.

Ал бұған дейін сенбі күні күндіз сейсмологтар Алматыдан 330 шақырым қашықтықта - Қытай аумағында магнитудасы 5,8 жер сілкінісін тіркеді. Оның салдарынан 51 үйдің қирап, 1,5 мың адамның жапа шеккені туралы РИА Новости Global Post-қа сілтеме жасап хабарлады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети