Алматы маңында иттер талап тастаған 10 жастағы баланың жағдайы белгілі болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы маңында иттер талап тастаған 10 жастағы баланың жағдайы белгілі болды Фото:depositphotos.com

Дәрігерлер Алматы облысының Жалпақсай ауылында иттер талап тастаған баланың жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігерлер Алматы облысының Жалпақсай ауылында иттер талап тастаған баланың жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәліметінше, баланың жағдайы ауыр.

"1 шілдеде жағдайы тұрақталғаннан кейін науқас Қарасай ауданының орталық ауруханасынан облыстық балалар клиникалық ауруханасына ауыстырылды. Жансақтау бөліміне жатқызылды. Науқастың жағдайы тұрақты ауыр", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілі.

Бала есін біледі. Қазір клиникалық психолог баламен және оның анасымен жұмыс істеп жатыр.

Дәрігерлер баланың жарақаты туралы айтпады, бірақ әлеуметтік желілерде оның беті, көзі мен жамбасы қатты жарақаттанғаны айтылды. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындардың сөзінше, иттер баланың құлағын жұлып алған. Болашақта оған қалпына келу және ұзақ мерзімді оңалу үшін тағы бірнеше ота қажет болуы мүмкін.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от kris.p.karasai (@kris.p.karasai)

Еске салайық, бұған дейін Алматы маңындағы ауылда 10 жастағы баланы иттер талап тастағаны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети