17 мамыр 2021 14:09

Алматы маңында жантүршігерлік жол апаты болды

Алматы маңындағы тасжолда жантүршігерлік жол апаты болды, салдарынан жеңіл автокөлік екі жүк көлігінің ортасында қысылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы маңындағы тасжолда жантүршігерлік жол апаты болды, салдарынан жеңіл автокөлік екі жүк көлігінің ортасында қысылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол апаты бүгін таңертең Көкөзек ауылының маңында болды. Куәгерлер оқиға орнында түсірілген кадрларды әлеуметтік желілерде жариялап жатыр. 

Реклама
Реклама

Алматы облысының полиция департаменті жол апаты 17 мамырда сағат шамамен 10:00-де Қарасай ауданындағы "Жібек жолы - Елтай - Боралдай" автожолында болғанын хабарлады.

"HUALING маркалы жүк көлігі кептеліс кезінде қашықтық сақтамай, "Мазда-626" автокөлігімен соқтығысты, кейін жеңіл көлік инерция бойынша алда келе жатқан VOLVO жүк көлігіне соғылды. Жол апаты салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі зардап шекті, ол жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді", - деді полицейлер.

Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша соталды тергеу басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram