Алматы маңында жер сілкінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы маңында жер сілкінді Сурет: Tengrinews.kz мұрағаттан

"ҚР БҒМ ҒК СЭМЭ" ММ сейсмикалық станциялар желісі Алматы маңында сағат 7:13-те жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"ҚР БҒМ ҒК СЭМЭ" ММ сейсмикалық станциялар желісі Алматы маңында сағат 7:13-те жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай 95 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан.

Дүмпулер қанша баллға сезілгені (МЅК-64 шкаласы бойынша) туралы мәлімет жоқ.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.7.
MPV магнитудасы 4.9.
Эпицентрдің координаттары солтүстік ендік бойынша 42.73 градус және шығыс бойлықта 77.89. 
Тереңдігі 5 шақырым.

Алайда алматылықтардың кейбірі жер асты дүмпулерін сезгенін мәлімдеді. 

"Мен Жароков көшесі мен әл-Фараби даңғылының қиылысында тұрамын. Сілкіністен күрт ояндым. Бір рет қатты сезілді. Мен үлкен жүк көлігі өткен шығар десем. Кейде олардан жер дірілдейді емес пе. Қорқып кеттім", - дейді алматылық қыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети