Алматы маңында жол апатынан екі адам қаза тапты. Желіде жүргізуші 13 жаста болғаны айтылып жатыр

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы маңында жол апатынан екі адам қаза тапты. Желіде жүргізуші 13 жаста болғаны айтылып жатыр видео кадры

13 қазанға қараған түні Алматы облысы Қарасай ауданының Жалпақсай ауылында ВАЗ және Hyundai Grandeur көліктері жол апатына ұшырады. Қаза болғандар бар. Hyundai көлігін 13 жастағы бала тізгіндеген болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

13 қазанға қараған түні Алматы облысы Қарасай ауданының Жалпақсай ауылында ВАЗ және Hyundai Grandeur көліктері жол апатына ұшырады. Қаза болғандар бар. Hyundai көлігін 13 жастағы бала тізгіндеген болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болған?

Әлеуметтік желілерде жол апаты болған жердің кадрлары тарады. Бейнежазбаларда зақымданған көліктер мен сол маңға жиналған ауыл тұрғындары көрінеді.

Полиция пікірі

Алматы облысы Полиция департаменті мәліметінше, оқиға шамамен 00:30-да болған. Алдын ала болжам бойынша, ВАЗ жүргізушісі Hyundai көлігіне жол бермеген.

"Жол апаты салдарынан ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Екінші көліктің жүргізушісі түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады Алматы облысы ПД.

Осы уақытта әлеуметтік желілерде Hyundai Grandeur көлігінің рөлінде 13 жастағы жасөспірім болғаны туралы ақпарат тарады. Алайда полиция бұл деректі әзірге растаған жоқ.

Оқиға бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети