Алматы маңында мопед жүргізушісі зейнеткерді қағып, қашып кеткен

Алматы маңында мопед жүргізушісі зейнеткерді қағып, қашып кеткен Видеодан кадр

Алматы облысында мопед жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде зейнеткерді қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен. Полиция құқықбұзушыны тапты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әлеуметтік желілерде видео жарияланды. Онда мопед жүргізушісінің "зебра" арқылы жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен сәті түсірілген. Автордың мәліметінше, оқиға Алматы облысының Боралдай ауылында болған.

Кадрлардан артында жолаушысы бар мопед мінген жас жігіттің жаяу жүргіншіні жылдамдықпен қағып кеткенін көруге болады. Соққыдан үшеуі де жан-жаққа ұшып кеткен.

Жарнама
Жарнама

"Жол-көлік оқиғасынан кейін ол заттарын жайбарақат жинап алып, оқиға орнынан бой тасалаған", - делінген жарияланымда.

Алматы облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қызметкерлер күдіктіні анықтады.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші мен мопед жолаушысы дене жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады ведомство.

Полиция жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін бұзғаны және жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалғаны үшін жауапқа тартылғанын айтты.

Бұған дейін Түркістан облысындағы тасжолда жол апатынан жеті адам қаза тапты.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама