Түркістан облысындағы тасжолда түнде екі автокөлік соқтығысып, салдарынан жеті адам қаза тапты. Полиция тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Түркістан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты Бәйдібек ауданындағы Шаян – Екпінді автожолында болған.
"Алдын ала мәлімет бойынша, түнде тас жолда Toyota Camry және Volkswagen Passat автокөліктері соқтығысқан", - деп хабарлады полиция.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеті адам оқиға орнында көз жұмды.
Ведомство қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті шаралар жүргізіліп жатқандығын айтты. Тергеу нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданады.
Солтүстік Қазақстанда ірі жол апатынан сегіз адам, оның ішінде балалар зардап шекті