Алматы маңындағы "Алтын Орда" базарында кафе өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы маңындағы "Алтын Орда" базарында кафе өртенді Видео кадры: Instagram

Алматыда "Алтын Орда" базарының маңында дәмхана өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысының ТЖД сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда "Алтын Орда" базарының маңында дәмхана өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысының ТЖД сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД мәліметінше, 2 шілдеде сағат 13:19-да кезекші бөлімнің пультіне Алматы облысы Қарасай ауданында Алматы-Бішкек автожолының бойында, "Алтын орда" базарының аумағында орналасқан "Жеті құрдас" базарында үш ғимараттың шатыры өртенгені хабарланған. Олар - самса дайындайтын үй-жайдың, ломбард және екі қабатты кафенің шатыры.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KRIS | P | ALMATY (@kris.p.almata)

Өрт аумағы - 200 шаршы метр. Құрылыстардың жалпы ауданы - 400 шаршы метр.

Оқиға орнына жоғары дәрежедегі шақыртумен күштер мен құралдар жіберілді. Өртті сөндіруге Алматы облысының ТЖД (11 қызметкер және екі техника), аудандық полиция бөлімінің (алты қызметкер және екі техника) 16 қызметкері мен бес техникасы жұмылдырылды. Сағат 14:14-те өрт сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрттің себебін анықтау үшін оқиға орнына ТЖД өрт сынақ зертханасы жіберілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети