06 сәуір 2022 15:30

Алматы маңындағы тасжолда жолаушылар автобусы 9 көлікке соқтығысты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/kris.p.almaty.official Фото: instagram.com/kris.p.almaty.official

Алматы-Жандосова тасжолында тежегіші істен шыққан жолаушылар автобусы тоғыз көлікпен соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы-Жандосова тасжолында тежегіші істен шыққан жолаушылар автобусы тоғыз көлікпен соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, Жоғарғы Қаскелең тасжолында жол апаты болған. Олар автобус бірнеше көлікке соғылғанын айтты. 

Алматы облысы полициясының баспасөз қызметі мәліметінше, 6 сәуірде сағат 11:30-да Қарасай ауданында жол-көлік оқиғасы болған.

"Алматы-Жандосова тасжолында ЛиАЗ автобусының 35 жастағы жүргізушісі тежегіш істен шығып, жолда келе жатқан тоғыз көлікпен соқтығысқан (Toyota Camry, Nissan Patrol, Toyota Gracia, Kia Rio, Subaru Legacy, Toyota Carina, трактор және екі Mercedes-Benz)", - деді полиция өкілі.

Полиция мәліметінше, апаттан бірнеше адам, соның ішінде жолаушылар мен жүргізуші зардап шеккен. Олар медициналық тексеруден өту үшін Қаскелең ауруханасына жеткізілген. Оқиға орнында патрульдік полиция мен тергеушілер жұмыс істеп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети