31 наурыз 2014 | 18:34

Алматы маңындағы тау баурайында қураған ағаштар өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Алматы маңында көлемі 20 гектарға жуықтайтын қураған ағаштар өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы маңында көлемі 20 гектарға жуықтайтын қураған ағаштар өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департаменттің мәліметінше, өрт Қарасай ауданындағы Ерменсай елді мекені маңынан басталған. Өрт туралы хабар департамент диспетчерінің пультіне 15.50-де келіп түсті. Алдын ала мәлімет бойынша жалын 20-22 гектарға жуық жерді шарпыған. Тау баурайындағы өртті сөндіруге Алматы облысы мен Алматы қаласының өртке қарсы қызметтері атсалысты, 13 техника жұмылдырылды. 

Мамандардың айтуынша, оқиға орнына баратын жол нашар болғандықтан өртті сөндіру біраз қиындаған. Зардап шеккендер мен қандай да бір нысандардың өртенгені туралы ақпарат жоқ. Оқиға орнында болған Tengrinews.kz тілшісінің хабарлауынша, тау баурайында өрттің бірнеше ошағы болды, төңіректен ыс иісі сезілді. Өртті сөндіруге жергілікті тұрғындар да қатысқан. Тілсіз жау 18.05-те залалсыздандырылды.

Еске сала кетейік, 2012 жылы тамыз айында Медеу шатқалындағы Болай (Мохнатка) тауы өртенген болатын. Көлемі 16 гектар болатын аумақта қураған шөп-бұталар жанып кеткен еді. 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети