Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Алматы маңындағы тауларда өрт тұтанды 02 сәуір 2014, 01:07

Алмат облысындағы "Бесағаш" ауылының маңайындағы таулар мен тау бөктерінде бірнеше өрт ошағы пайда болып, от тұтанды. Өрт ауданы ұлғайып барады.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Бесағаш ауылы. Карта: google.com Бесағаш ауылы. Карта: google.com

Алматы облысының Талғар ауданында бірнеше өрт ошағы пайда болып, жана бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz меншікті дерек көзіне сілтеме жасап.

"Бесағаш" ауылының маңайындағы таулар мен тау бөктеріндегі үш-төрт жерде өрт ошағы байқалады. Дерек көзінің айтуынша, өрт аумағы ұлғайып барады. "Тұтанған от "Магнум" супермаркетіне қарсы аумақта өршіп барады", - деді хабар беруші. 

Белгілі болған мәліметке қарағанда жергілікті уақыт бойынша сағат 22.35-те өрт ошағы жоғары өрлеп тауға қарай беттеген.

Облыстық біріккен кезекші-диспетчерлік қызметінің Tengrinews.kz тілшісіне мәлімдеуінше ыстық және құрғақ ауа райының салдарынан тау бөктеріндегі аймақта қурған ағаштар тұтанған. Оқиға орынында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр, олар өрттің бетін қайтарып тұрғын үйлерден басқа жаққа аударып жіберді.

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram