Алматы маңындағы тойда болған атыс: ұстау операциясы көрсетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматы облысының Полиция департаменті тойда қонақтардың атыс қаруынан аспанға оқ атқан видеосына қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, құқық бұзушылар ұсталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының Полиция департаменті тойда қонақтардың атыс қаруынан аспанға оқ атқан видеосына қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, құқық бұзушылар ұсталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысы ДП басшысы Бауыржан Әленов тойдың Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылында болғанын айтты.

"Үйлену тойы кезінде атыс қаруын қолдану жағдайы анықталды. Облыстық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері және Арнайы жедел әрекет ету отряды бөлімшесінің жасағымен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде барлық құқықбұзушы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицейлер атыс қаруын қолдану арқылы жасалған бұзақылық дерегі бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Оқ атылған қару сараптамаға жіберілді. Тергеу барысы менің жеке бақылауымда", - деді Бауыржан Әленов.

Аудандық полиция басшылығына қатысты қатаң шара қолданылатынын да атап өтті.

Еске салайық, осыған дейін әлеуметтік желіде жастардың автомат пен тапаншадан аспанға оқ атып жатқаны түсірілген видео тарады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети